- Bölgesel Araştırmalar Dergisi
- Vol: 5 Issue: 2
- ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ МӘДЕНИ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕКІ ҮЛКЕН КӨРНЕКТІ ТҰЛҒА...
ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ МӘДЕНИ ТАРИХЫНДАҒЫ ЕКІ ҮЛКЕН КӨРНЕКТІ ТҰЛҒА
Authors : Yeldos Sauyrkan
Pages : 726-759
View : 19 | Download : 11
Publication Date : 2021-12-27
Article Type : Research
Abstract :1912 жылдан бастап Қытай қазақтарының саяси, әлеуметтік һәм мәдени өмірі өзгерді. Революциядан кейінгі саяси ситуациялар қазақ тұрмыс-тіршілігіне, мәдени өміріне тың серпін берді. Осы кезде Қытай қазақтары арасынан саяси, мәдени һәм ағартушы жаңа буын ұрпақ дүниеге келді. Олар жәдиттік реформаларды жақтады. Сонымен қатар Алаш қозғалысының қытай бетіндегі қолдаушыларына айналды. Ұлтты жаңа сапаға көтеру үшін мәдени, ағарту ісімен айналысты. Қаржы топтап газет-журналдар шығарды, мектеп ашты, оқулық жазды. Қытай қазақтарының ұлттық менталитетін сақтап қалуға, жазба әдебиеті мен мәдениетінің дамуына еңбек етті. Осы көрнекті тұлғалар қатарында Нұртаза Шалғынбаев пен Әбдіқадір Қасымұлы туралы айтуға болады. Аталмыш қоғам қайраткерлері қазақ халқының ұлттық рухани әлеуетінің гүлденуіне адал еңбек етті. Олар мәдени-рухани және ағарту ісіне ерекше назар салды.Keywords : Қытай қазақтары, 20 ғасыр, мәдениет, Нұртаза Шалғынбаев, Әбдіқадір Қасымұлы