- Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Dergisi
- Cilt: 7 Sayı: 4
- ТІЛ БІЛІМІ САЛАСЫНДАҒЫ ЭНАНТИОСЕМИЯ ТҮРЛЕРІ
ТІЛ БІЛІМІ САЛАСЫНДАҒЫ ЭНАНТИОСЕМИЯ ТҮРЛЕРІ
Authors : Aysulu Nurtaeva
Pages : 373-382
Doi:10.59182/tudad.1553414
View : 16 | Download : 5
Publication Date : 2024-10-31
Article Type : Research
Abstract :Мақалада тіл білімі саласындағы энантиосемия түрлері және зерттелуі қарастырылады. Энантиосемия - қарама-қарсы мағыналардың бір тілдік бірлігінің реңктерінің немесе контекстке байланысты болатын мағыналардың тіркесімі. Лексикалық семантика категориялары жүйесіндегі энантиосемияның орны туралы сұрақ даулы, өйткені лингвистер бұл құбылысты антонимия, омонимия, полисемияның (көп мағыналықтың) бір түрі немесе өзіндік ерекшелігі бар лексикалық-семантикалық категория ретінде қарастыру керек деген ортақ пікірге келді. Функционалдық ерекшеліктеріне қарай, яғни үстейтін не көрсететін мағынасына қарай энантиосемияны екі түрге бөліп қарастыруға болады: заттық (немесе номинативтік); эмоционалды-бағалауыштық қарама-қарсы мағына. Номинативтік энантиосемия сөздердің мағынасының дамуы нәтижесінде пайда болады. Номинативтік лексикалық энантиосемия кезінде алғы шепке әр түрлі заттар, құбылыстар, іс-қимылдарды және т.б. көрсететін мағыналар шығады. Осы тип негізінен етістіктерге тән. Олардың кейбіреуі әр түрлі обьектілерге қатысты қолданылады, соның нәтижесінде қарама-қарсылыққа ие болады. Қазақ тілінің нақты тілдік деректеріне сүйене отырып, номинативтік энантиосемияның өнімсіз, ал эмоционалды бағалауыштық энантиосемияның өнімді екендігіне көз жеткізе аламыз. Қазақ тіліндегі ақылды, керемет, тамаша, дос, сұлу сияқты энантиосемияның жуық арада пайда болғандығын көруімізге болады. Erep олар бастапқы кезде жағымды қолданылатын болса, қазіргі уақытта олар жағымсыз мағынада (ирониялық) қолданылатынын көреміз. Энантиосемиялы сөздердің тағы бір жасалу жолы сөздердің тырнақша ішінде берілуімен сипатталады. Сөздерді қарама-қарсы мағынасы тырнақша ішінде беріледі, ал негізгі мағынасы тырнақшасыз жазылады. Тырнақшамен берілген сөздің астарында ирония жатады. Энантиосемия эвфемияның құралы ретінде де қолданылуы мүмкін. Сонымен қатар дезинформацияда да энантиосемия құбылысы байқалады. Дезинформация – «шындықты қасақана жалған етіп беру» Кілт сөздер: энантиосемия, қарама-қарсы, мағына, эмоционалды,тырнақша, одағай, заттық, номинативтік, сөздер.Keywords : энантиосемия, мағына, одағай, номинативтік