- Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Dergisi
- Vol: 5 Issue: 4
- МӘДЕНИ МҰРА ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ ӨНЕРІ
МӘДЕНИ МҰРА ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ ӨНЕРІ
Authors : Anipa Kusanova
Pages : 27-36
View : 13 | Download : 6
Publication Date : 2022-11-04
Article Type : Research
Abstract :Автор мәдени жады призмасы арқылы ұлт және ұлттық бірегейлік мәселелеріне деген заманауи көзқарасты қарастырып, жаһандану контексінде ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы мәдени мұраның, соның ішінде би өнерінің орнына талдау жасайды. Көшпелі өркениеттің бай рухани мұрасы өнердің барлық классикалық түрлерінің өркендеуіне негіз болды. Бүгінгі таңда да дәстүрлі этномәдени кодтар жаңа өзекті формаларға ие болуда және қарқын дамуда. Мақалада ұлттық би қозғалыстарының ерекшеліктері мен маңыздылығы қарастырылған. Бір қозғалыстарда халықтың көркемдік бейнелі ойы, көзқарасы мен дүниетанымы көрініс тапқан болса, кейбір қозғалыстар еңбек процесіндегі адамның қозғалысын көрсетіп, басқалары қазақ ою-өрнектерін сипаттайды. Кейбір қозғалыстар табиғат құбылыстарын, құстар мен жануарлардың қимылдары мен әдеттерін пластикалық түрде бейнелейді. Сонымен қатар би өнерінде қазақ халқы жарқын болашақ туралы армандарын бейнеледі. Қиын жағдайда өмір сүрсе де адамдар жақсылықтың жеңісіне сеніп, сол сенімді ән мен билер арқылы бейнеледі. Сондықтан ұлттық хореографиялық фольклорды халық мәдениеті тұрғысынан түсіну өте маңызды.Keywords : қазақ биі, мәдени мұра, салт-дәстүр, ұлттық