- Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Dergisi
- Vol: 5 Issue: 3
- БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚОРҒАУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ МАҢЫЗЫ...
БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ТҰРҒЫДАН ҚОРҒАУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ МАҢЫЗЫ
Authors : Gulbakhyt Menlibekova, Sayat Ybyray
Pages : 163-176
View : 11 | Download : 4
Publication Date : 2022-07-28
Article Type : Research
Abstract :Ұсынылып отырған мақала жоғарғы оқу орындарында «әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша білім алып жатқан болашақ әлеуметтік педагогтардың әлеуметтік-құқықтық дайындығының жоғары деңгейін, құқықтық құндылықтардың қалыптастыруына баса назар аударады. Мақсаты болашақ әлеуметтік педагогті балалық шақты әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан қорғауға дайындау мүмкіндіктері туралы жалпы педагогикалық, құқықтық көзқарасты кеңейту болып табылады. Жоғары оқу орындарында оқыту теориясы бойынша болашақ әлеуметтік педагогті балалық шақты әлеуметтік-құқықтық қорғауға дайындаудың педагогикалық шарттары туралы жүйелі түрде баяндалған. Авторлар болашақ әлеуметтік педагогті балалық шақты әлеуметтік-құқықтық қорғауға дайындау оның негізгі бағыттары мен қағидаттарының, субъектілері мен объектілерінің, баланы әлеуметтік-құқықтық қорғаудың нысандары мен әдістерінің жиынтығын біріктіретін әлеуметтік-құқықтық қорғау жүйесін құруға кәсіби және жеке дайындығын қамтамасыз етеді деп есептейді. Теориялық талдау негізінде «балалық шақ» әлеуметтік-құқықтық қорғаудың объектісі ретінде анықталды және «құқықтық мәдениет», «педагогикалық мәдениет» мәселелері қарастырылды. Баланы әлеуметтік-құқықтық қорғаудың мазмұны мен нысандары, баланың құқықтары мен қадір-қасиеттерін қорғаудың нормативтік-құқықтық базасы анықталды. Балалық шақты әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан қорғау технологиясының мазмұнының тұжырымдамалық тәсілдерін түсінуді, аталған бағыт бойынша білім бағдарламаларына пәннің енуін, ауқымын кеңейту ұсынылды.Keywords : балалық шақ, әлеуметтік-құқық, әлеуметтік педагог