- Uluslararası Türk Dünyası Araştırmaları Dergisi
- Vol: 4 Issue: 4
- ЛЕКСИКАЛЫҚ ЭНАНТИОСЕМИЯ КОНТРАСТ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТІЛДІК АСПЕКТІСІ...
ЛЕКСИКАЛЫҚ ЭНАНТИОСЕМИЯ КОНТРАСТ КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ТІЛДІК АСПЕКТІСІ
Authors : Aysulu Nurtaeva, Süer Eker
Pages : 87-96
View : 12 | Download : 20
Publication Date : 2021-11-02
Article Type : Research
Abstract :Энатиосемияны контраст категориясы тұрғысынан қарастыру оның пайда болу себептерін, осы тілдегі лексемалардың қазіргі тілдегі қалыптасу және қызмет ету процестерін тереңірек анықтауға мүмкіндік береді. Категориялау - адамның ақыл -ой қабілетінің негізгі әрекеттерінің бірі; ол қоршаған әлемнің ұғымдарын, құбылыстары мен объектілерін жіктеуге және ажыратуға, әлем туралы түсініктерді реттеуге, алған білімдерін жүйелеуге көмектеседі. Қарама-қайшылықтың логикалық-концептуалды категориясы әмбебап болып табылады және әр тілдің жүйесінде де, тіларалық өзара әрекеттесу деңгейінде де көрінеді. Ол тұрақты нақты параметрлер бойынша сөздердің кең кластарын сипаттайды.Қазіргі тіл білімінде «энантиосемия» ұғымын түсіндіруге қатысты пікірталастар жалғасуда. Зерттеушілер энантиосемияның полисемантикалық феномен және антонимияның бір түрі ретінде көрінетіні туралы негіздемелер келтіреді.Keywords : энатиосемия, контраст, категория, лексема, тіл