Abstract :Жұмыста «NEET-жастар» концепциясы зерттеудің библиометрикалық талдауының нәтижелері келтірілген. Жұмыстың мақсаты NEET-жастар саласындағы зерттеулер қарқынын зерттеу және осы мәселе бойынша белсенді дамып келе жатқан тақырыптық кластерлерді анықтау болып табылады. Жүргізілген зерттеудің логикасы NEET-жастардың мәселесін зерттеудің теориялық негіздерін жүйелеуді, NEET-жастары бойынша мәселенің зерттелу жағдайын бағалауды, NEET-жастармен байланысты кластерлер мен зерттеу үрдістерін анықтауды қамтыды. Зерттеудің әдіснамалық тәсілі библиометрия және визуализация әдістерін қолдана отырып, Web of Science ғылыми дерекқорында 1975 жылдан 2022 жылға дейін жарияланған мақалалар негізінде NEEТ-жастар мәселелерін талдау үшін VOSviewer бағдарламалық құралдарын қолдану болды. Зерттеу нәтижесінде келесі тақырыптық кластерлер анықталды: «белсенді қатысу», еңбек қызметі», «жастар жұмыссыздығы». Зерттеу нәтижелері осы мәселені бірлесіп зерттеу үшін ғылыми ынтымақтастық бағыттарын табуға мүмкіндік береді. Keywords : NEET-жастар, еңбек нарығы, жұмыссыздық, библиометриялық талдау