Abstract :Зерттеу мақсаты – Қазақстан Республикасындажұмыспен қамту парадигмасын әзірлеуге, халықты неғұрлым тиімді жұмыспен қамтуға бағдарланған амалдарды жетілдіруге қолғабыстану. Зерттеу әдіснамасы. Топтастыру әдістерін қолдану және корреляциялық-регрессиялық талдау тәсілдері, зертеудің мүмкіндіктерін арттыра түседі. Зерттеу бірегейлігі /құндылығы. Өңірдегі жұмыс күшінің мәнін және ұйымдық және өндірістік мазмұны мен түрлерін анықтау; Қазақстан Республикасының жағдайларына қатысты жұмыс күші артық өңірлердегі еңбек нарығының қазіргі заманғы үдерістері мен даму заңдылықтарын бағымдау. Зерттеу нәтижелері: Түркістан облысы үлгісінде еңбек күші артықтау аумақтардағы еңбек нарығы анықталып, оның тұжырымдамасы әзірленді. Ондағы мақсат - жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігін ескере отырып, жұмыспен заңсыз қамтылуды ауыздықтауға, еңбекке жаңа қатынасқа тұжырымдамасы аясында еңбек нарығындағы ұтқырлықты арттыруға мүмкіндік беретін, икемді әрі тиімді жұмыс күшін дамытуға негіз қалайтын құқықтық, экономикалық және институционалдық жағдайларды жаңғырту болып табылады. Keywords : еңбек нарығы, жұмыс күші, еңбек ресурстары, жұмыспен қамту, жұмыссыздық, аймақ