Abstract :Мақалада ХХ ғасырдың 20-жылдардың алғашқы жартысындағы Қазақстан мен Орта Азия республикалары арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы өкілетті өкілдіктердің қызметі қарастырылған. Автор бұрын ғылыми айналымға енбеген Ресей, Өзбекстан және Қазақстан архивтерінен табылған деректердің негізінде Қазақ және Түркістан АКСР-нің Орталықтағы (БОАК пен РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты), Қазақ АКСРнің Түрікаткомдағы, Түркістан АКСР-нің Қазаткомның, сондай-ақ Қазақ АКСР-нің Орта Азиядағы өкілетті өкілдіктердің тарихын ашып көрсетуге талпыныс жасаған. Баяндамада ресми бекітілген ережелерді талдау арқылы өкілетті өкілдіктердің құрылу уақыты, мақсаты мен міндеттері, қызмет ету аясы, оларға әр түрлі жылдары жетекшілік еткен қайраткерлердің есімдері анықталған. Keywords : Қазақ АКСР, Түркістан АКСР, Түрікатком, Қазатком, өкілетті өкілдік