Abstract :Қазақстанның басқа облыстары сияқты Түркістан облысының да сыртқы саудаға қосып жатқан үлесі баршылық. Соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен жасалып отырған сауда қатынастарына ерекше тоқталуға болады. Жалпы, 2017 жылы Түркістан облысының сыртқы сауда айналымы 3064,6 млн. долларды құрады. Бұл көрсеткішті 2016 жылғы экспорт көлемімен салыстырсақ 2,3 % төмендегенін байқауға болады. Оның негізгі себебі, минералды өнімдер, жануар және өсімдік тектес өнімдер, дайын азық-түлік тауарларының, машиналар, құрал-жабдықтар, көлік құралдары, приборлар және аппараттар сияқты тауар топтары бойынша өнімдерді экспорттаудың қысқаруы болып табылады. Сол жылғы экспорттық тауарларды өзара салыстыратын болсақ, минералды өнімдер – 53,9 % жануар және өсімдік тектес өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары 24,3 % тұрды (Turkistan.gov.kz 2018). Ал, 2017 жылғы импорт көлемі 1832,2 мың АҚШ долларын құрады. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 46,6 % өскен. Импортталған өнімнің негізгі түрлері: жануар және өсімдік тектес өнімдер, дайын азық-түлік тауарлары, химия және онымен қатысты өнеркәсіп салалары өнімдері, тоқыма және тоқыма бұйымдары. Аяқ киім және бас киім бұйымдары және галантереялық тауарлар, құрылыс материалдары, металдар және олардан жасалатын бұйымдар. Машиналар, құрал-жабдықтар, көлік құралдары, приборлар және аппараттар және т.б. болды (Turkistan.gov.kz 2018). Keywords : Түркістан, Еуразиялық экономикалық одақ, сауда қатынастары