Тіл тарихын танытудағы тұрақты тіркестердің рөлі
Authors : Altınay Tımbolova
Pages : 1-5
View : 7 | Download : 3
Publication Date : 2017-12-18
Article Type : Other
Abstract :Дүине суреті, өмірлік мағлұматтар – бәрі тіліміздегі сөздер мен сөз тіркестері, мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер және аңыз-ертегі, халықтық жырлар арқылы ғасырдан ғасырға жетіп, жалғасып отырады. Әлемнің тілдегі көрінісі осылай сақталады. Сөздердің төркінін зерттеу арқылы қазақ халқының өткен өмірін, бай мұрасын, тұрмыс-салтын, мәдени-рухани өміріндегі өзгерістерін, басқа ел-жұртпен қарым-қатынасын көруге болады. Тіліміздегі тұрақты тіркестер – ұзақ дәуірдің жемісі. Олардың мағынасы көбінесе сол тілде сөйлейтін қауымға түсінікті. Алайда кейбір тұрақты тіркестер тізбегіндегі сөздер сан мың жылдарды артқа тастағаннан соң, бастапқы мағынасы ұмытылып көмескілене бастайды. Мақалада осы тұрақты тіркестер құрамындағы мағынасы көмескіленген сөздердің төркіні қарастырылады.Keywords : тіл тарихы, тұрақты тіркестер