- Türkoloji
- Issue: 113
- АБДУРАХМАН ӨЗКЕНДИДІҢ «ҚИССА-И ДАСТАН-И ЧИНГИЗ ХАН ~ ХАЗРЕТ-И МИР ТЕМҮРНІҢ ДАСТАНЫНЫҢ БАЯНЫ» АТТЫ КІ...
АБДУРАХМАН ӨЗКЕНДИДІҢ «ҚИССА-И ДАСТАН-И ЧИНГИЗ ХАН ~ ХАЗРЕТ-И МИР ТЕМҮРНІҢ ДАСТАНЫНЫҢ БАЯНЫ» АТТЫ КІТАБЫНЫҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Authors : Senbek Utebekov, Zulfiya Muminova
Pages : 71-93
Doi:10.59358/ayt.1224434
View : 12 | Download : 4
Publication Date : 2023-03-29
Article Type : Other
Abstract :Мақалада х. 1228/1813 жылы Түркістан аймағында Абдурахман Өзкенди тарапынан жазылған «Қисса-и дастан-и Чингиз хан ~ Хазрет-и Мир Темүрнің дастанының баяны» кітабы лингвистикалық тұрғыдан сараланады. Алдымен Шыңғысхан мен Әмір Темірдің өмірі мен ерліктеріне арналған тарихи-әдеби шығармалар жинақталған «Шыңғыснама» және «Тимурнама» нұсқалары жайында сөз етіліп, бұл нұсқаларға байланысты Түркия, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Жапония, Татарстан секілді әр түрлі елдерде жарық көрген ғылыми зерттеулерге қысқаша шолу жасалады. Әсіресе, ескерткіштің тілдік ерекшеліктеріне байланысты тұжырымдарға тоқталып, қазірге дейін жарық көрген ғылыми еңбектер жайында мәлімет ұсынылады. Тарихи салыстырмалы және салғастырмалы әдістерді негізге ала отырып, көне, ортағасырлық және қазіргі түркі тілдерінің жазба материалдарына сүйеніледі, сондай-ақ лексикалық, фонетикалық және морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты ғылыми сипаттама жасалады. Соның ішінде, қыпшақ, оғыз және қарлұқ тілдерінің тілдік көрсеткіштерін нақтылап алып, осылардың ішінде қайсысына тән ерекшелік басымдау, сол таразыға салынады. Ескерткіш тілінде кездесетін кейбір диалектілік, яғни түркі тілдерінің ешібірінің әдеби тіл нормасына сай емес, бірақ кейбір жергілікті сөйленістерінде қолданылатын тілдік элементтер де назарға алынады.Keywords : Абдурахман Өзкенди, Abdurahman Özkendî, Cengiz-Nâme, Timur-Nâme, Ses Özellikleri, Şekil Özellikleri, Abdurakhman Ozkendi, Chingiznama, Timurnama, phonetic peculiarities, morphological indicators., Абдурахман Озкенди, Чингизнама, Тимурнама, фонетические особенности, морф