Шежіре – ұлттық мәдениеттің бір сипаты
Authors : Nurlan Mansurov
Pages : 190-204
View : 10 | Download : 5
Publication Date : 2022-12-26
Article Type : Research
Abstract :Аңдатпа. Мақалада мәдениеттің бір сипаты ретінде танылатын шежіре атаулыға талдау жасалынады. Зерттеу барысында тарих беттерінен мәліметтер ұсынатын шежірелердің тарихи дерек ретінде танылу қарастырылады. Өйткені өткен тарихымызды саралап, талдауда шежірелердегі деректердің тарих ғылымындағы рөлі, жазба деректердегі мағлұматтардың ұлттық құндылықтың бірі ретінде танылуы, ұлттық тарихты танудағы орны ғалымдар пікірі негізінде сөз етіледі. Адамзат баласының даму тарихында ерекше саналатын шежірелердің мәдени мұраның басты көрсеткіші әрі оның ұлттық сипаты, жанрлық түрлері аталып, маңызды саналатын нұсқалары ұсынылады. Шежіре атаулыны саралауда соңғы жылдары шежіретанушылар тарапынан жіберілген кемшін тұстары, олардың себебі де тілге тиек етіледі. Алайда шежіренің барынша үлгі-өнегенің рухани азық, сондай-ақ маңызды жазба деректер қатарынан саналатыны нақтыланады. Талдау барысында шежіре атаулыға қатысты кезеңдер, оның ішінде орта ғасыр кезеңіндегі еңбектер, дәстүрлі жазба деректерде көрініс тапқан мәліметтер сараланады. Бір сөзбен айтқанда, далалық мәдениеттің бір қыры саналатын шежіре жүйесі негізге алынады. Тақырыпты талдауда гуманитарлық және философиялық білімдерде кеңінен қолданылатын тарихилық, логикалық әрі ұлттық танымның өзара байланысы, тарихи негіздегі абстрактылықтан нақтылыққа өту тәсілдері қамтылады. Тарих, тіл, әдебиеттану, этнография, т.б. салалар тұрғысынан зерттеулер қажеттігі аталып, шежіре атаулы ұлттық мәдениеттің бір сипаты тұрғысынан зерттеп-зерделену қажеттігі басшылыққа алынады.Keywords : Anahtar kelimeler: milli kültür, şecere, tarihi veriler, manevi bilgi, manevi hazine.