КӨНЕ ЖӘНЕ ОРТАТҮРКІЛІК ЖАЗБА МӘДЕНИЕТ– ҰЛТ ӨРКЕНИЕТІНІҢ АЙНАСЫ
Authors : S. R. Boranbayev, N. Fazylkhanuly
Pages : 3-10
View : 8 | Download : 4
Publication Date : 2013-06-24
Article Type : Research
Abstract :Бұл мақалада қазақ тілінің даму, қалыптасу жолдарын анықтау үшін қыпшақ тілдеріне қатысты жазба ескерткіштерді зерттеу мәселесінің өзектілігі сөз болады. Орта түркі тілін жасаған халықтардың лексикасын зерттеу арқылы қазіргі қазақ тілінің қалыптасу кезеңдерін анықтай аламыз. Осы себепті орта түркі тілінде жазылған ескерткіштер тілін, қазақ тілімен салыстыра нақты тілдік материалды сөйлете отырып, әрбір сөздің қолданылу өрісіне, мағынасына, дыбыстық ерекшелігіне баса назар аударылады да, лексика-семантикалық және семасиологилық аспектіде зерттеу, түркология мен қазақ филологиясының бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерінің бірі екендігі туралы мәселе көтеріледі. Сонымен қатар орта ғасырдағы бір ескерткіштің етістіктері ортатүркілік және қазіргі түркі тілдерімен салыстырылады.Keywords : қыпшақ тілі, жазба ескерткіштер, орта түркі тілі, түркология, түркі тілі