KAZAK HALKINDA HAYVAN ETİNİ ÜLEŞTİRMEDEKİ ÖZELLİKLERİ
Authors : Ercan Ömirbayev, Nazira Tursynbayeva
Pages : 142-155
View : 6 | Download : 3
Publication Date : 2015-06-25
Article Type : Research
Abstract :Мақалада қазақ халқының ұлттық тағамдары саналатын етті тамақтардағы жіліктердің үлестірілуінің орны мен ерекшеліктері жайлы толық және мысалдармен көрсетіледі. Қазақ дастарханының өзіндік дәстүрі мен тарихын түсіндіру, оның ішінде қой етінен ұлттық дәстүр бойыша табақ тарту рәсімін үйрету. Әр қонақтың өзіне тартылатын сыбағаларын ажырата білу. Автор бұл мақалада төрт түлік малының жіліктерін үлестіру кезінде қандай ырымдарға баса назар аударылғандығы туралы мәлімет беруге тырысады. Сонымен қатар бұл күндері ұмытылып бара жатқан табақ тартудағы негізгі ерекшеліктерді назарға ала отырып, олардың ұлт келешегі үшін маңызды екендігі айтылады. Ата-бабамыздан қалған асыл қазынамыздың қаймағын бұзбай өскелең ұрпаққа бабалар аманатын жеткізу басты парызымыз. Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпсыз ел әдепсіздік пен берекетсіздікке салынуы мүмкін. Ел боламын десең, бесігіңді түзе демекші ең алдымен Отанға деген сүйіспеншілікті салт-дәстүрді түзетуден бастау керектігі айтылады.Keywords : Ұлттық тағамдар, Ет тағамдары, Кәрі жілік, Тоқпан жілік, Мойын омыртқа