- Türkoloji
- Issue: 75
- ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТАДҒУ БІЛІК» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ТҮРКІЛІК ЖӘНЕ ИСЛАМДЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ ҰСТАНЫМДАРЫНЫҢ М...
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰННЫҢ «ҚҰТАДҒУ БІЛІК» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ ТҮРКІЛІК ЖӘНЕ ИСЛАМДЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ ҰСТАНЫМДАРЫНЫҢ МӘДЕНИ-РУХАНИ СИПАТЫ
Authors : G. A. Shadinova
Pages : 110-121
View : 8 | Download : 5
Publication Date : 2016-02-26
Article Type : Research
Abstract :Мақалада ортағасырлық түркі ойшылы Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» шығармасының тарихи, әлеуметтік, мәдени алғышарттарына жүйелі түрде тарихи-философиялық талдау жасалып, оның философиялық көзқарастарының қайнар көздері түркі және ислам дүниетанымының өзара кірігуі қарастырылды. Ойшыл-ақынның дүниетанымдық көзқарастарында ислам мәдениетінен нәр алған түркі философтарының ислам әлемімен мәдени сұхбатына негіз болатын - түркілік-исламдық рухани құндылықтарды нақты іс жүзінде әлеуметтік салада қолданудың алғаш моделі жасалынды. «Құтадғу білік» шығармасы арқылы Жүсіп Баласағұн түркі халықтарының жазба әдебиетінің негізі - түркі тілінде философиялық ой кешу үрдісін қалыптастырды. Сондықтан поэтикалық формадағы үлгілерді ұсынып, күрделі сипаттағы образдарды ашу әдісі шығыстық дүниені түсінудің өзіндік ерекшелігі екендігін тұжырымдауға боладыKeywords : Түркі, Ислам, Қарахан, Дүниетаным, Тәңірлік, Философия, Жүсіп Баласағұн