- Türkoloji
- Issue: 108
- Қазақ, түрік және ағылшын дүние бейнесінің фразеологиялық фрагменті: "Еркек" концептісінің...
Қазақ, түрік және ағылшын дүние бейнесінің фразеологиялық фрагменті: "Еркек" концептісінің ұлттық-мәдени ерекшелігі
Authors : Gulmira Abdimaulen, Ibrahim Shahin
Pages : 41-61
View : 10 | Download : 3
Publication Date : 2021-12-30
Article Type : Research
Abstract :Қазақ, түрік және ағылшын тілдеріндегі концепт өрісінің негізгі құрамдас бөліктерін "Еркек” концептісі аясында гендерлік мәселелермен бірге тереңірек зерттеу осы мақаланың рухани құнды өзегі болып табылады. Лингвомәдениеттануды оқытудың бір тармағы ретінде саналатын қазақ, түрік және ағылшын халықтарының тұрақты тіркестері мен мақал-мәтелдерінің паремиологиялық қоры "Еркек” концептісін зерттеудің тілдік құралының қадір қасиетін арттырады. Олар әлемнің тілдік бейнесін, оның құнды мазмұны мен мәдени стериотиптерін бөліп көрсетуде қызығушылық тудыратын тілдік құрал ретінде қызмет етеді. Әлемнің бейнесін тілдік және мәдени тұрғыдан суреттейді. "Еркек” концептісін қазақ, түрік және ағылшын тілдерінің фразеологиялық тіркестері мен мақал-мәтелдер арқылы зерттеу кезінде әлемнің тілдік бейнесінің ұлттық мәдени ерекшелігін анықтау негізгі мақсат болып көзделеді. Қолданылған мысалдар "Еркек” концептісін қайта жаңғыртуға және қазақ, түрік, ағылшын тілдерінде берілген тіркестер құрамындағы тұжырымдамаларды категориялау параметрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Танымал тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер қазақ, түрік және ағылшын халқының ұлттық өмірі мен танымының бейнесін ашады. "Еркек” концептісінің тілдік бейнесін ашу үшін олардың әртүрлі бағыттағы түрлері талданады. Олар арқылы еркектерге номинациялық іріктеулер жасалады. Іріктеу критерийдің негізгі мәні нағыз "Еркек” концептісі бейнесінің тілдік образын анықтауға негізделген.Keywords : Еркек концептісі, тұрақты тіркес, мақал-мәтел, гендерлік критерий, лингвомәдениеттану