- International Journal of Old Uyghur Studies
- Vol: 5 Issue: 1
- Көне ұйғыр және қазіргі қазақ тілдерін құрылымдық тұрғыдан салыстыру («Бүгү Қағанның манихейзмді қаб...
Көне ұйғыр және қазіргі қазақ тілдерін құрылымдық тұрғыдан салыстыру («Бүгү Қағанның манихейзмді қабылдауы» атты көне ұйғыр тіліндегі мәтін негізінде)
Authors : Shynaray Burkitbayeva
Pages : 47-64
Doi:10.46614/ijous.1310195
View : 25 | Download : 34
Publication Date : 2023-06-30
Article Type : Research Article
Abstract :Мақалада көне ұйғыр тілі мен қазіргі қазақ тілі грамматикалық тұрғыдан (грамматикалық талдау жасау негізінде) салыстырыла қарастырылды. Көне ұйғыр тілі - басқа түркі тілдері сияқты қазіргі қазақ тілінің де шығу тегі болып табылатын көне түркі тілінің бір тармағы. Мақаланы жазудағы мақсат – Қазақстандағы түркология ғылымының ең аз зерттелген бөлігі көне ұйғыр тілінің ерекшеліктерін қазақ тілінің грамматикасымен салыстыра отырып қарастыру, зерделеу. Мақаланы жазу барысында VIII – IX ғасырларда қолданылған көне ұйғыр тілі мен қазіргі қазақ тілінің грамматикалық құрылымы (аз-кем айырмашылықтарын қоспағанда) бірдей екендігі ашып көрсетілді. Қазіргі қазақ тіліндегі түбір сөздер мен оларға жалғанатын қосымшалардың сол бастапқы, тарихи мағынасын жоғалтпаған қалпында қолданылатындығы зерделенді. Мысалдармен дәлелдеу мақсатында көне ұйғыр тіліндегі тұпнұсқа мәтіннен тұтас сөйлемдерді алып қазіргі қазақ тілінің стандарты негізінде грамматикалық тұрғыдан талдау жасалып берілді. Мақалада «Бүгү Қағанның манихейзмді қабылдауы» атты көне ұйғыр тілінде жазылған мәтіндегі сөздер пайдаланылды. Неміс – Тұрпан экспедициясы барысында табылған бұл мәтін қазіргі Моңғолия жеріндегі Ұйғыр хандығы заманында үшінші ұйғыр қағаны болған Бүгү Қаған (759-780) тұсында 762-763 жылдары манихейзм дінін қабылдаған уақыттарда жазылған. Біз пайдаланып отырған мәтін түрік ғалымы, түрколог Б. Өзбайдың еңбегінен алынған үзінді. Мәтіндегі сөздердің көпшілігінің бүгінгі қазақ тілінде аздаған өзгеріске ұшырап немесе мүлде өзгермей, сол қалпында қолданылуы қызығушылығымызды арттырғандықтан грамматикалық талдау жасап салыстыра қарастыру жөн саналды. Мақалада жүзге тарта сөз лексикалық тұрғыдан салыстырып, мүмкіндігінше талдап көрсетілді. Сондай - ақ, жұмысты жазу барысында қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры көне түркі сөздеріне бай екендігіне тағы да дәлелденді. Бұл мақала осы салаға ғылыми және практикалық үлес қосуды көздейді. Қазақ тілінің тарихы мен түркі тілдерінің тарихы бойынша оқу құралы ретінде пайдалануға болады. Сонымен қатар, бұл еңбек түркология ғылымының қазақ ғылымы аз зерттелген салаларының бірі саналатын көне ұйғыр тілі саласындағы олқылықтың орнын толтыруға ықпал ететіндігімен де маңызды. Мақалада салыстырмалы және диахрондық салыстырмалы әдістер қолданылды.Keywords : қазақ тілі, көне ұйғыр тілі, грамматикалық талдау, салыстыру, тарихи мағына