- Uluslararası Türk Lehçe Araştırmaları Dergisi (TÜRKLAD)
- Vol: 4 Issue: 2
- АБАЙ ЕҢБЕКТЕРІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕ
АБАЙ ЕҢБЕКТЕРІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕ
Authors : Ergali Esbosinov
Pages : 250-262
Doi:10.30563/turklad.816058
View : 23 | Download : 10
Publication Date : 2020-12-20
Article Type : Research
Abstract :Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 30 мамыр, 2019 ж. Жарлығымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы Үкімет қаулысы қабылданып, еліміз беналыс-жақын шет елдермен қоса Біріккен Ұлттардың Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) мен Халықаралық түркі мәдениеті ұйымы (ТҮРКСОЙ) тарапынан да атап өтілгені мәлім. Мақаламызда қазақ халқының ұлы ойшыл-ақыны Абай шығармаларының шет елдерде, оның ішінде бауырлас түркі елдеріндегі зерттеулеріне, еңбектерінің аударма нұсқаларына шолу жасалған. Кеңес Одағы дәуірінде біршама қағажу қалған бұл сала соңғы уақыттарда жандана түсуімен бірқатар олқылау тұстарының да бар екендігіне сілтеме жасалған. Абай тұлғасы мен шығармашылығын ғасырлар бойы үзілмей өміршеңдігін сақтап қалған жалпытүркілік аспектідеқарау, көршілес және Анадолы түркі халықтарының арасындағы гуманитарлық байланыстың тарихилығы мен ортақтық астарына мән беру сияқты өзекті мәселелер қамтылған. Абай шығармашылығының Орта Азия түркі тілдерімен қоса татар-башқұрт, азербайжан және түрік тілдеріндегі әртүрлі нысан мен мазмұндағы аударма еңбектері туралы мәлімет берілген.Keywords : Абай Өлеңдері, Кітаби Тіл, Жазба Тіл