- Uluslararası Türk Lehçe Araştırmaları Dergisi (TÜRKLAD)
- Vol: 3 Issue: 2
- ҮШ ҚҰРЫЛТАЙ, БІР БАЙЛАМ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛАТЫННЕГІЗДІ ӘЛІПБИІ...
ҮШ ҚҰРЫЛТАЙ, БІР БАЙЛАМ: ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛАТЫННЕГІЗДІ ӘЛІПБИІ
Authors : Ergali Esbosinov
Pages : 233-240
Doi:10.30563/turklad.649453
View : 23 | Download : 9
Publication Date : 2019-12-20
Article Type : Review
Abstract :1926 ж. Бакуде өткен атақты І-ші Баку Түркітану Құрылтайына с ілтеме жасай отырып, қазіргі Түркия елінің алфавитінің нұсқасы мен арада ондаған жылдар салып барып қолға алынған Ортақ түрік алфавитіне шолу жасауға талпыныс жасалған. Ыстамбұлда Мармара Университеті жанындағы Түркітану институты үйымдастырған «Қазіргі түркі алфавиттері халықаралық симпозиумы - 1991» мен «Қазіргі түркі алфавиттері халықаралық симпозиумы - 2018» туралы, осы жиынның тарихи шешімі туралы сөз болады. Мұндай келелі басқосу мен шешімнің түптамырында Түркия Республикасының сегізінші Президенті Тұрғыт Өзал мен Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 1990 жылғы кездесуі мұрындық болғандығы айтылады. Қорытынды ретінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіру керек» деген тапсырмасын орындау мақсатында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ұйымдастырған Республикалық дөңгелек үстел шешімі мен үндеуі туралы, көптен бері бейресми түрде қолданыста жүрген 32 қаріптік «жаңа қазақ» яки «Ортақ түрік алфавиті» туралы баяндалады.Keywords : Ортақ Түрік Алфавиті, Латын Негізді Жаңа Қазақ Әліпбиі, Түркі Елдері, Тұрғыт Өзал, Н.Ә.Назарбаев