- Uluslararası Dil Edebiyat ve Kültür Araştırmaları Dergisi
- Vol: 2 Issue: 1
- ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА ЖАРЫҚ КӨРГЕН КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАР ТІЛІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН ДИАЛЕКТІЛЕР...
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА ЖАРЫҚ КӨРГЕН КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАР ТІЛІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН ДИАЛЕКТІЛЕР
Authors : Galiya Toktimanova
Pages : 1-10
Doi:10.37999/udekad.485173
View : 6 | Download : 2
Publication Date : 2019-06-30
Article Type : Research
Abstract :Мақалаға арқау болып отырған мәселе тәуелсіздік жылдары аралығындағы шығармалар бойынша көркем әдебиет мәтіндеріндегі диалектілік ерекшеліктер. Көркем мәтіндердегі жергілікті сипатқа ие ерекшеліктер жалпы халықтық лексиканың құрамдас бөлігі ретінде танылып, халқымыздың мол рухани байлығының бір саласы ретінде қарастырылуы керек. Аталған жылдар аралығындағы көркем мәтіндердегі диалектизмдерді жеке алып зерттеу – қазақ тіл білімінің жалпы диалектология саласы үшін және әдеби тілдің кемелденуі мен толығуы үшін диалектизмдердің әсері, сондай-ақ лингвомәдениеттаным және этнолингвистика саласы үшін де маңызы зор. Көркем шығарма тілі әдеби тілге қарағанда аумақты, себебі онда диалектизмдер де, ауызекі тіл үлгілері де, авторға тән қолданыс та кездеседі. Көркем шығармада жазушы суреттеп отырған объектісін жан-жақты таныту үшін, ұлттық тілдің барлық мүмкіндігін пайдаланады, бірақ оның да өз орны болуы керек. Ендеше әдеби тіл нормасын, тіл мәдениетін қалыптастыруға көркем шығарма өзіндік рөль атқарады. Екінші жағынан көркем шығарма тілі әдеби тілдің нормасына лайық сөздерді қосып отырады. Бұл көркем шығарма тілі деген мәселенің тілдің өзекті мәселелерімен бірге жасайтындығын көрсетеді. Сондықтан көркем шығармаларда диалектизмдерді қолдану мәселесін зерттеу тіл білімі үшін өзекті. Осы мақсатта мақалада тәуелсіздік жылдарында жарық көрген көркем шығармалар тілінде кездесетін диалектизмдердің стилистикалық қызметі, жергілікті ерекшеліктерді қолданудың стильдік мақсаты, диалектизмдер, олардың сипаты, қолданысы талданады.Keywords : қазақ тіл білімі, диалектология, диалектілер, этнографизимдер