- Tehlikedeki Diller Dergisi
- Vol: 3 Issue: 4
- KIPÇAK GRUBUNDAKİ DİLLERDE ORTAK ANTROPONİM YAPIM ESASLARI VE ULUSAL NİTELİKLERİ
KIPÇAK GRUBUNDAKİ DİLLERDE ORTAK ANTROPONİM YAPIM ESASLARI VE ULUSAL NİTELİKLERİ
Authors : Б. Әбдуәлиұлы
Pages : 195-207
View : 8 | Download : 3
Publication Date : 2014-12-01
Article Type : Other
Abstract :Түркі тілдері өткен тарихында түрлі топтарға бөлініп, дами келе жеке ұлттық тілдерге айналған. Соның ішінде бір-бірімен туыстығы жағынан жақын тілдер бар. Олардың лексикалық қорындағы сөздерді салыстырғанда жеке ұлт тілі дегеннен гөрі, диалектілерге көбірек ұқсайтыны байқалады. Мақалада түркі тілінің қыпшақ тобына жататын қазақ – ноғай – татар – башқұрт – қарашай-малқар – құмық антропонимдерінің бір-біріне тілдік жақындығы дыбыстық ерекшеліктері бойынша қарастырылады. Негізінен автор ноғай – татар – башқұрт – қарашай-малқар – құмық есімдерін қазақ тіліндегі нұсқаларымен салыстырады. Дыбыстық ерекшелігі жағынан бұл есімдер бір-біріне өте жақын және мағыналық жағынан да солай. Өйткені тұрмыс-салттар мен діни ұстанымдарда көне түркілік әдет-ғұрыптар сақталған, ал бұл қашанда антропонимдердің мағынасынан көрініс беріп отырады. Мақалада лексикалық құрамы бойынша алғанда түркі және араб-парсы тілдерінен енген есімдер қамтылған. Түркілік төл есімдердің құрамында көне дәуірлерден бері антропонимжасауға қатысып келе жатқан ортақ лексикалық бірліктер көрініс тапса, кірме есімдерді дыбыстық игеруде де ұқсас жайлар көп екені байқалады. Түркілік есімдерді қазақ тіліндегі нұсқасымен салыстырғанда, бірінші сол тілдердегі жазу ережелеріне де назар аударылады. Өйткені антропонимдердің орфоэпиялық тұрғыдан жақындығы байқалғанмен, жазудағы әртүрлілік оларды алыстатып жіберуі мүмкін. Сондықтан, шынайы тілдік сипатын айқындау үшін, әр тілдегі орфографиялық нормалардың алыс-жақындығы да назарға алынған.Keywords : Түркі тілдер, Қыпшақ, тілдері, антропоним